Пять ключевых индикаторов безопасной сделки на OLX - Сообщи. Проверим. Примем меры

OLX-та қауіпсіз мәміленің бес негізгі көрсеткіші

Егер сіз қырағылық танытып, сақтық шараларын ұстансаңыз Интернеттегі сатып алулар қауіпсіз болады.

Біз OLX-тағы сатып алу тәжірибеңізді барынша қауіпсіз ету үшін назар аударуға тұрарлық бес негізгі көрсеткішті жинақтадық.

№1. Бөгде сілтемелерден сақ болыңыз

Әәсіресе бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өткенде абай болыңыз. Фишинг көбіне жалған сілтемеден басталады. Бұдан қалай сақтануға болады:

  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Әсіресе белгісіз көздерден келген сілтемелерден аулақ болыңыз. Олар фишингтік немесе зиянды сайттарға апаруы мүмкін.
  • Сілтеменің түпнұсқалығын тексеріңіз. Егер сілтеме күмәнді көрінсе, оны браузерге қолмен енгізіп тексеріңіз немесе ресми сайтты табу үшін іздеу жүйесін қолданыңыз.
  • Антивирустық бағдарламаны пайдаланыңыз. Антивирус зиянды сілтемелер мен сайттардан қорғай алады.
  • Мессенджер мен электрондық поштада абай болыңыз. Алаяқтар көбіне осы арналар арқылы фишингтік сілтемелерді таратады.

№2. Сайтты/бетті тексеру

OLX-та мәміле жасағанда сенімді сайтты фишингтік сайттан ажырата білу маңызды. Тексерудің негізгі тәсілдері:

  • URL мекенжайды қараңыз. Сайт адресіндегі ұсақ өзгерістерге мұқият болыңыз. Фишингтік сайттар көбіне ресми атауға ұқсас, бірақ аздаған айырмашылығы бар домендерді қолданады. Шынайы OLX сайтының мекенжайы: https://www.olx.kz
  • Құлып белгісін тексеріңіз. URL жанындағы құлып белгісі сайттың қорғалғанын көрсетеді, бірақ бұл әрқашан кепілдік емес, өйткені алаяқтар бұл жүйені де алдай алады.
  • WHOIS-сұранысы*. WHOIS арқылы сайт иесі туралы ақпарат алуға болады. Бұл деректерді ресми мәліметтермен салыстыру фишингтік сайтты әшкерелеуге көмектеседі.
  • Сайттың сапасын бағалаңыз. Дизайн мен контенттің сапасыздығы фишингке нұсқауы мүмкін.
  • Проверьте раздел «Контакты». Сверьте контактные данные с известной вам информацией.
  • Доверяйте предупреждениям браузера. Если браузер предупреждает вас о подозрительном сайте, прислушайтесь к этому.

* С английского WHOIS переводится как «кто это?». Такая проверка нацелена на получение дополнительных сведений о портале. В частности, она помогает узнать:

  • сайттың иесі кім, компания ма әлде жеке тұлға ма;
  • иесінің байланыс деректері, соның ішінде заңды және электрондық мекенжайы;
  • тіркеуші туралы деректер;
  • порталдың жасы, қашан тіркелгені;
  • домен атауының жарамдылық мерзімі;
  • сайттың статусы, нейм-серверлер.

№3. Сатушыны тексеру

OLX-тағы мәміленің қауіпсіздігі үшін сатушының сенімділігін бағалау өте маңызды. Мынандай тәсілдерді қолданыңыз:

  • Сатушы туралы ақпаратты зерттеңіз. Профильді, тарихын және пікірлерді қараңыз. Сатушының қашан тіркелгенін және қаншалықты жиі мәміле жасайтынын тексеріңіз.
  • Тауар сипаттамасын мұқият оқыңыз. Фотосуреттерді қоса алғандағы толық сипаттама тауардың жағдайы мен сатушының адалдығы туралы көп нәрсе айта алады.
  • Сұрақтар қойыңыз. Тауардың шығу тегі, жағдайы және пайдаланылуы туралы сұрақ қоюдан тартынбаңыз. Сенімді сатушы әрдайым жауап беруге және қосымша ақпарат беруге дайын.
  • Бағаға назар аударыңыз. Егер тауардың бағасы нарықтық құнынан әлдеқайда төмен болса, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.
  • Төлем тәсілдерін тексеріңіз. Сенімді сатушылар қауіпсіз төлем әдістерін ұсынады. Қауіпсіз емес арналар арқылы алдын ала төлем жасауды талап ететін сатушылардан сақ болыңыз.

№4. Жеке ақпаратты қорғау

OLX-та мәміле жасағанда өзіңізді қорғау үшін келесі сақтық шараларын сақтау маңызды:

  • Жеке деректермен бөліспеңіз. Бейтаныс адамдарға немесе сенімсіз арналар арқылы картаның нөмірін, CVV-кодын және басқа да банк деректерін ешқашан бермеңіз.
  • Қауіпсіз төлем тәсілдері. OLX ұсынатын қауіпсіз төлем әдістерін пайдаланыңыз, мысалы, PayPal немесе басқа сенімді төлем сервистері. Дебеттік карталарды пайдаланудан аулақ болыңыз, өйткені олар тікелей банк шотыңызға байланысты және деректер ұрланған жағдайда тәуекел жоғары болады.
  • Онлайн-сатып алулар үшін виртуалды карта жасаңыз. Виртуалды карталар – қосымша қорғау деңгейі. Олар арқылы шынайы карта деректерін жария етпей-ақ төлем жасауға болады. Сондай-ақ оларды белгілі бір сома мен уақыт шеңберінде шектеуге болады.
  • Банк үзінділерін қадағалаңыз. Әсіресе OLX арқылы сатып алғаннан кейін, күтпеген транзакциялар мен алаяқтық әрекеттерді анықтау үшін банк қосымшасындағы шот үзінділерін тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.
  • Жазылымдар мен жасырын төлемдерге абай болыңыз. OLX арқылы тапсырыс бергенде мәміле шарттарын мұқият қарап шығыңыз, жасырын төлемдер мен қажетсіз жазылымдарға жол бермеңіз.
  • Онлайн-сатып алу үшін сенімді желілерді қолданыңыз. Қоғамдық Wi-Fi арқылы сатып алудан аулақ болыңыз, өйткені ол қауіпсіз болмауы мүмкін. Ең дұрысы – қорғалған үй желісін пайдалану.

№5. Пікірлер

OLX-та сатып алуларды қауіпсіз ету үшін пікірлерге назар аудару өте маңызды:

  • OLX-тағы пікірлерді талдаңыз. Сатушы парақшасындағы пікірлер оның сенімділігі туралы түсінік береді. Тауардың сапасы, сатушымен байланыс және сұрақтарға жауап беру деңгейі туралы пікірлерді іздеңіз.
  • Пікірлердің шынайылығын тексеріңіз. Толық әрі табиғи жазылған пікірлерге мән беріңіз. Өте көп жалпы немесе үстірт жағымды пікірлер олардың жалған болуы мүмкін екенін көрсетеді.
  • Сыртқы ресурстардағы пікірлерді зерттеңіз. Сатушы немесе тауар туралы басқа платформалар мен форумдардан ақпарат іздеңіз. Бұл толық картина береді.
  • Теріс пікірлерге мән беріңіз. Теріс пікірдің болуы әрдайым жаман емес, бірақ ондағы мәселелерді түсіну маңызды. Бұл тауар сапасы, жеткізу немесе сатушымен байланысқа қатысты болуы мүмкін.
  • Пікірлердің күні мен жиілігін қараңыз. Жаңа әрі тұрақты пікірлер белсенді және жауапты сатушының белгісі болуы мүмкін.
  • Пікірлерді егжей-тегжейлерді нақтылау үшін қолданыңыз. Егер пікірлерге байланысты күмән туса, сатушыдан қосымша сұрақ қоюдан тартынбаңыз.
  • Жалпы әсерді бағалаңыз. Пікірлердегі ақпаратты тауар сипаттамасымен және сатушының жалпы әрекетімен салыстырыңыз. Бұл мәміленің сенімділігі туралы дұрыс пікір қалыптастыруға көмектеседі.